Мәзір
13 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Прокуратура Шерзат Полаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Прокуратура Шерзат Полаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады Прокуратура Шерзат Полаттың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: видеодан алынды

"Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар, К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.11 күдікті қамауға алынды.

9 желтоқсан күні Талғар маңынан Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды. Полиция Нұрқанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

Жерлеу рәсімінен кейін Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды

Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митингке шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.

Одан бөлек Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа бұзақылық бабы бойынша 20 АЕК айыппұл салынды. Күйеу баласы Айғазы да 15 күнге қамалды.

.

Апта талқысында: