Мәзір

Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты

Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты
Фото: instagram.com/tjd_astana

Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында қайғылы оқиға болды. 25 қыркүйек таңертең жеке үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Halyqstan Telegram-арнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай барақ үлгісіндегі жеке үйде болған. Өрт кезінде анасы 13 жастағы баласымен бірге сыртқа шығып үлгерген. Алайда үйдің ішінде тағы үш бала қалып қойған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндіру барысында үйдің ішінен үш баланың денесін тапты. Қаза болған балалардың біреуі бір жаста, қалған екеуі алты және сегіз жаста болған.

Қазір өрттің шығу себебі мен қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада үш бала өрттен қаза тапқаны туралы жазған едік.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2