Қазақстандық журналист әрі кәсіпкер Динара Сәтжан 44 жасқа толуына орай әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстандық журналист әрі кәсіпкер Динара Сәтжан 44 жасқа толуына орай әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Ол студент кезінде 40 жастағы адамдарды қарт адамдардай қабылдағанын әзілмен еске алды. Қазір 44 жасқа келгенін айтып, өзін 20 жасындағыдай сезінетінін жазды.
«Жастық — әжімнің болмауы емес. Жастық — ертең не болатынына әлі де қызығу. Сүюді, жасампаздықты, шығармашылықты, білім алуды, армандауды қалау. Таңертең оянып, алда әлі көп нәрсе бар екенін сезіну», — деп жазды Динара Сәтжан.
Журналист өзін жас сезінуіне отбасының әсері бар екенін де атап өтті. Ол өзін немере, қыз, сүйікті әрі сүйетін жар, ана, келін және ене ретінде сипаттады.
Динара Сәтжан жазбасында Қазақстанда өмір сүруді тек бақыт пен артықшылық емес, жауапкершілік деп санайтынын айтты.
«Қазақстанның экономикада, ғылымда, IT, бизнесте, геосаясатта мықты болғанын қалаймын. Біздің әлеуетіміз зор. Мен қолымнан келетін нәрсені осы мақсатқа жұмсағым келеді: жұмыс орындарын құру, маңызды дүниелер туралы айту және қолдау көрсету», — деп жазды ол.