Мәзір

«Қорқыту-үркітулер болып жатыр»: Спорт журналисі Аслан Қаженов тосын мәлімдеме жасады

«Қорқыту-үркітулер болып жатыр»: Спорт журналисі Аслан Қаженов  тосын мәлімдеме жасады «Қорқыту-үркітулер болып жатыр»: Спорт журналисі Аслан Қаженов  тосын мәлімдеме жасады
ашық дереккөз

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындарынан кейін ел назарын аударған мәлімдеме жасады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында спорт саласына қатысты бірнеше мәселені көтеретінін айтып, қысым мен қорқыту болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Журналистің сөзінше, жарыстан кейін бұл тақырыпта бірнеше подкаст жазбақ.

«Азия ойындары аяқталды! Айтатын дүние көп. Оны қазір бір постқа сыйдыра алмаймын. Елге аман-есен жеткен соң, бір емес, бірнеше подкаст жазылады. Иә, қорқыту-үркітулер болып жатыр. Өте жоғары жақтан. Бірақ осының бәрін мен айтпасам, кім айтады?!» – деп жазды Аслан Қаженов.

Ол жеке басының қауіпсіздігінен гөрі отандық спорттың мәселесін маңызды санайтынын атап өтті.

«Бұл жерде жеке басымның мүддесінен гөрі, бүкіл отандық спорттың мүддесі жоғары. Сондықтан бір адым да артқа шегінбеймін», – деді журналист.

Қаженов жазбасында тарихи тұлғалар мен спорт журналистикасының өкілдерін мысалға келтіріп, шындықты айту жолында қысымға қарамау керек екенін жеткізді.

«Одан кейін соттайсыңдар ма, өлтіресіңдер ме, маңызды емес. Кезіндегі шындық үшін Махамбет атамның басын кескен. Бер жағында, өзім көзіммен көргенімді айтар болсам, Амангелді Сейітханды да біраз қудалап, біраз шеттетті. Ақыры өлтіріп тынды. Біз олардың қасында кімбіз?! Басқа түскенін көреміз. Ақиқат қымбат. Соның жолында құрбанбыз», – деп жазды ол.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2