Мәзір

Қорғаныс министрлігі жоғалған матростарға қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі жоғалған матростарға қатысты мәлімдеме жасады Қорғаныс министрлігі жоғалған матростарға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, екі әскери қызметші де оқу-жаттығу кезінде жағалауда болған.

Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда қалып, тиісті оқу міндеттерін орындаған.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. да жағалауда оқу тапсырмаларын орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болған.

"Қазіргі уақытта екі матрос та әскери бөлімнің орналасқан жерінде жүр. Олар белгіленген күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты сақ болуға шақырды. Сондай-ақ тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға үндеп, Қорғаныс министрлігінің ресми ақпаратына сүйенуге шақырды.

Каспийдегі қайғылы оқиға

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілердің бір тобы теңізге батып кеткен.

Нақтылаған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі әскери қызметшінің денесі келесі күні судан шығарылды.

Қайғылы оқиғадан кейін тергеу басталды. Іс ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша тергеліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Кейінірек Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің аты-жөні жарияланды. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2