Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Қазақстанда депозит пайызы 20 пайызға жетті: қай банк қанша табыс ұсынады?

Қазақстанда депозит пайызы 20 пайызға жетті: қай банк қанша табыс ұсынады? Қазақстанда депозит пайызы 20 пайызға жетті: қай банк қанша табыс ұсынады?
ашық дереккөз

Қазақстанда банктер салымшыларға жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20 пайызға дейін жететін депозиттер ұсынып отыр. Қаражатты банкке салмас бұрын азаматтар пайыздық мөлшерлемені, депозит мерзімін және ақшаны мерзімінен бұрын алу шарттарын салыстырғаны жөн, деп хабарлайды buginmedia.kz.

CreditBureau.kz деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 23 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 19 банк ұсынған 141 депозит түрі болған. Олардың ішіндегі ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 20 пайыз.

Қай банктің депозиті жоғары пайыз ұсынады?

Салыстыру нәтижесінде Bereke Bank-тің «Салем» депозиті ең жоғары мөлшерлеме ұсынған. Оның жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20 пайыз, ал салым мерзімі – алты ай. Бұл депозитті 5 мың теңгеден бастап ашуға болады.

Home Credit Bank-тің «Акционный VIP» депозитінде жылдық тиімді мөлшерлеме 19,6 пайызға жетеді. Салым мерзімі – алты ай, ең төменгі салым сомасы – 1 000 теңге.

Altyn Bank-тің «Резерв +» депозитінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 19,56 пайызды құрайды. Бұл салым үш айға ашылады.

BNK Commercial Bank-тің «Сберегательный» депозиті мен Freedom Bank-тің «Стратегия» депозитінде жылдық тиімді мөлшерлеме 19,51 пайыз. Екі ұсыныстың да мерзімі – үш ай.

Ал Bereke Bank-тің «Аманат» депозитінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 19,5 пайыз. Оның мерзімі де үш ай.

500 мың теңге салсаңыз, қанша табыс табасыз?

CreditBureau.kz сайтындағы есеп бойынша, Bereke Bank-тің «Салем» депозитіне 500 мың теңге салған адам алты айда шамамен 47 719 теңге табыс ала алады.

Home Credit Bank-тің «Акционный VIP» депозитіне дәл осындай соманы салғанда, алты айдағы есептік табыс 46 452 теңге болады.

Altyn Bank-тің «Резерв +» депозитінде 500 мың теңге үш ай сақталса, шамамен 22 839 теңге сыйақы есептеледі.

Бұл – сайтта көрсетілген есептік көрсеткіштер. Нақты табыс депозит шартына және сыйақыны есептеу тәртібіне байланысты.

Депозит ашпас бұрын нені ескеру керек?

Банкті тек жоғары пайызға қарап таңдауға болмайды. Салым ашпас бұрын ақшаны толықтыруға болатынын, мерзімінен бұрын шешіп алу шарттарын және сыйақының қалай есептелетінін тексерген жөн.

Сондай-ақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігіне назар аудару қажет. Қолданыстағы талап бойынша теңгедегі жинақ депозиттеріне 20 миллион теңгеге дейін, теңгедегі басқа депозиттерге 10 миллион теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы салымдарға 5 миллион теңгеге дейін кепілдік беріледі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2