Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Президент жарлығы: Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрамына кімдер кірді?

Президент жарлығы: Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрамына кімдер кірді? Президент жарлығы: Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрамына кімдер кірді?
Фото: Ақорда

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды. Оны Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр басқарады. Комиссия құрамына 21 адам енгенімен, Премьер-министр Олжас Бектенов тізімге енгізілмеген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.

Жаңа комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі тәсілдерін әзірлеп, осы бағыттағы кешенді жоспарға қатысты ұсыныстарды қарайды. Оның жұмыс органы болып Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі белгіленді.

Комиссия төрағасының орынбасары болып Президенттің кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшысы Әсет Ирғалиев тағайындалды. Ал хатшылық қызметті агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова атқарады.

Комиссия құрамына кімдер кірді?

Комиссиядағы 21 мүшенің 15-і мемлекеттік органдарда қызмет етеді.

Президент әкімшілігінен комиссия құрамына басшының орынбасары Ержан Жиенбаев пен Президент көмекшісі Қуанышбек Есекеев кірді.

Үкімет атынан үш вице-премьер қатысады. Олар – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Сондай-ақ комиссия құрамына Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Дархан Жазықбай және Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев енді.

Өңірлерден төрт әкім шақырылған. Олар – Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов.

Құрылтай атынан депутаттар Шахмардан Байманов, Сұңғат Есімханов, Шолпан Каринова және Екатерина Смышляева комиссия жұмысына қатысады.

Қазақстан Халық Кеңесінен «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин мен бұрынғы сенатор Андрей Лукин енгізілген.

Мемлекеттік аппарат қалай өзгеруі мүмкін?

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазандағы халыққа Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды тапсырған болатын. Президент әкімшілігіне 2027 жылғы 1 маусымға дейін мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу міндеттелді.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні пайдалану арқылы мемлекеттік органдардағы қайталанатын функцияларды жойып, қағазбастылықтан арылу қажеттігін айтқан. Сонымен қатар реформаның көзбояушылыққа айналмауы керектігін ескерткен.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2