Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Ермек Сағымбаевтың неге қызметінен босатылғаны белгілі болды

Ермек Сағымбаевтың неге қызметінен босатылғаны белгілі болды Ермек Сағымбаевтың неге қызметінен босатылғаны белгілі болды
ҰҚК баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Ермек Сағымбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанда «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты жағдайды да ескерген. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оның айтуынша, Ермек Сәғімбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған. Сонымен қатар бұл шешім арнайы қызметті реформалау міндетіне орай басқарушы құрамды жаңарту қажеттігінен туындаған.

«Ермек Сағымбевты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық оқиғасына қатысы бар адамдардың ұсталуын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылымдар бірқатар қателікке жол берген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке де тәртіптік жаза жарияланды», – деді Айбек Смадияров.

Баспасөз хатшысының сөзінше, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» басшыларына қатысты істің сыбайлас жемқорлық сипаты күмән тудырмайды.

«Бұл тергеу әрекеттері кезінде іске қатысы бар адамдардың әрекеттерімен расталды. Президент жүргізіліп жатқан тергеу туралы әуел бастан хабардар болды. Оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұстанымы өзгермейді және берік», – деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ осы күні Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізген.

Жиында Президент полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртібін нығайтып, кәсіби даярлығын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алуды ескертті.

Бұдан бөлек, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке полицияның қатардағы және офицерлік құрамымен тәрбие жұмысын күшейту қажеттігі айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін саясаттанушы Данияр Әшімбаев ҰҚК төрағасы Сағымбаевтың қызметтен кетуіне не себеп болғанын мәлімдеген болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2