25 қарашада Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро, рубль және юань бағамы белгілі болды. Кейбір айырбастау пункттерінде АҚШ валютасының сату бағасы 461 теңгеден асып отыр., деп хабарлайды buginmedia.kz.
Елордадағы ақша айырбастау орындарында доллар 454,96 теңгеден сатып алынып, 461,96 теңгеден сатылып жатыр.
Астанадағы өзге валюта бағамдары:
Еуро – 496,96 теңгеден сатып алынады, 506,96 теңгеден сатылады;
Рубль – 5,30 теңгеден сатып алынып, 5,50 теңгеден сатылуда;
Юань – 67,73 теңгеден сатып алынып, 71,71 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 456,69 теңгеден сатып алынып, 460 теңгеден сатылуда.
Қаладағы басқа валюталардың бағамы:
Еуро – 500,12–505,12 теңге;
Рубль – 5,26–5,38 теңге;
Юань – 67,49–69,98 теңге.
Айта кетейік, 24 қарашадағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,19 теңгеге өсіп, 458,28 теңгені құрады.