Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Бір отбасының сегіз мүшесі қайғылы жағдайда қаза тапты

Бір отбасының сегіз мүшесі қайғылы жағдайда қаза тапты Бір отбасының сегіз мүшесі қайғылы жағдайда қаза тапты
ашық дереккөз

АҚШ-тың Мичиган штатында бір отбасының сегіз мүшесі өлі күйінде табылды. Қаза тапқандардың арасында ерлі-зайыпты мен олардың алты баласы бар. Алғашында оқиға тұрғын үйдегі өрт ретінде тіркелгенімен, кейін тергеу барысында отбасының қасақана өлтірілгені анықталды. Бұл туралы ABC News жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 24 шілдеде Гранд-Хейвен қалашығында болған. Құтқару қызметіне тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен сегіз адамның мәйітін тапқан.

Қаза тапқандар – 47 жастағы Кристофер Каролькевич, оның 39 жастағы әйелі Аманда және 5 пен 15 жас аралығындағы алты баласы. Балалардың төртеуі ерлі-зайыптының туған ұл-қыздары болса, екеуін асырап алған.

Алғашында отбасының өліміне өрт себеп болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда сот-медициналық сараптама сегіз адамның да оқ жарақатынан көз жұмғанын анықтаған.

Әкесі отбасын өлтіріп, үйді өртеген

Тергеу нұсқасы бойынша, Кристофер Каролькевич алдымен әйелі мен алты баласын атып өлтірген. Кейін үйдің бірнеше жеріне от қойған. Осыдан соң өзі де көз жұмған.

Құқық қорғау органдары оқиғаға басқа адамдардың қатысы бар деген дәлел таппаған. Тергеушілер отбасының қазасына қатысты мән-жайды анықтау жұмыстарын жүргізген.

Отбасы туралы не белгілі?

Аманда Каролькевич жергілікті мектепте мұғалімнің көмекшісі болып жұмыс істеген. Ал оның күйеуі Кристофер American Heart Association ұйымында басшылық қызмет атқарған.

Қайғылы оқиғадан кейін марқұмдардың туыстары мен жақындары қара жамылды. Аманданың ата-анасы бір мезетте қызынан және алты немересінен айырылғанын айтып, ауыр қайғыға душар болған.

Бұл оқиға АҚШ-тағы жергілікті қауымдастықты дүр сілкіндірді. Құқық қорғау органдары отбасының сегіз мүшесінің өліміне қатысты тергеу жүргізді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2