Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Ақша жинаудың 7 тиімді жолы

Ақша жинаудың 7 тиімді жолы Ақша жинаудың 7 тиімді жолы
ашық дереккөз

Мамандар ақша жинаудың 7 тиімді жолын ұсынады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

1. Жалақы түскен бойда ақша бөліңіз

Мамандар ай сайынғы табыстың 10–20 пайызын жинаққа аударуды ұсынады. Ақшаны ай соңында емес, жалақы түскен күні бөліп қойған дұрыс.

Мысалы, айлық табыс 300 мың теңге болса, оның 10 пайызы – 30 мың теңге. Бір жылда 360 мың теңге жинауға болады.

2. 50/30/20 ережесін қолданыңыз

Fingramota.kz ұсынған тәсіл бойынша табысты үш бөлікке бөлуге болады:

50 пайыз – күнделікті қажеттіліктерге;

30 пайыз – жеке қалаулар мен демалысқа;

20 пайыз – жинаққа.

Бұл – міндетті талап емес, жеке бюджетті жоспарлауға арналған бағдар. Оны табыс пен міндетті шығындарға қарай өзгертуге болады.

3. Күнделікті шығындарды жазып жүріңіз

Кейде ақшаның қайда жұмсалғанын байқамай қаламыз. Сондықтан тамақ, жол ақысы, киім-кешек, жеткізу қызметі мен басқа да шығындарды тіркеп отырған жөн.

Мұны арнайы мобильді қосымшада немесе қарапайым кестеде жасауға болады.

4. Қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастырыңыз

Күтпеген жағдайларға арналған жеке қор болғаны маңызды. Мысалы, жұмыссыз қалу, денсаулыққа байланысты шығындар немесе шұғыл жөндеу жұмыстары кезінде бұл қаражат көмектеседі.

Fingramota.kz кемінде үш айлық, ал оңтайлы жағдайда алты айлық шығынды жабуға жететін қаржылық қор қалыптастыруды ұсынады.

5. Ақшаны депозитте сақтаңыз

Жинаған қаражатты күнделікті пайдаланатын картада ұстамаған дұрыс. Банк депозиті ақша жинауға әрі оған сыйақы алуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттің бірнеше түрін ажыратады:

мерзімсіз депозит – ақшаны қажет кезде алуға ыңғайлы;

мерзімді депозит – белгілі бір уақытқа жинақтауға арналған;

жинақ депозиті – жоғарырақ сыйақы алуға мүмкіндік береді, бірақ ақшаны мерзімінен бұрын алу шектелген.

Депозит ашпас бұрын оның шарттарын, ақшаны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігін және сыйақы мөлшерлемесін салыстыру қажет.

6. Қосымша табыстың бір бөлігін жинаңыз

Сыйақы, қосымша жұмыс немесе басқа да күтпеген табыс түскенде оның белгілі бір бөлігін бірден жинаққа аударыңыз. Осылайша негізгі жалақыға түсетін салмақты арттырмай-ақ қаражат жинауға болады.

7. Бір уақытта бірнеше мақсатқа ақша жинамаңыз

Алдымен ең маңызды мақсатыңызды анықтаңыз. Мысалы, төтенше жағдайларға арналған қор қалыптастыру, баспана алу немесе білімге қаражат жинау.

Қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарға арналған ақшаны бөлек сақтаған дұрыс. Себебі әр мақсаттың мерзімі мен тәуекелі әртүрлі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2