Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

45 студент сабаққа қатыспаған: Қостанайда колледж директоры қызметінен босатылды

45 студент сабаққа қатыспаған: Қостанайда колледж директоры қызметінен босатылды 45 студент сабаққа қатыспаған: Қостанайда колледж директоры қызметінен босатылды
ашық дереккөз

Қостанай облысының Қарабалық ауданында прокуратура тексерісінен кейін Қазақстан агротехникалық колледжінің директоры қызметінен босатылды. Оқу орнында тіркелген 45 студент сабаққа мүлде қатыспаған. Соған қарамастан, олар студенттер қатарында есепте тұрған. Салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Тексеру барысында оқу процесін ұйымдастыру, мемлекеттік мүлікті басқару және студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларында бірқатар заңбұзушылық анықталған.

Прокуратура мәліметінше, сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылды. Сонымен қатар жеті оқытушы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, колледж директоры атқаратын қызметінен босатылды.

Бұдан бөлек, колледжде бес жыл бойы қалдық құны нөлге тең көлік құралдары есептен шығарылмағаны белгілі болды. Ал 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайынан да кемшіліктер табылған.

Қазіргі уақытта пайдаланудан шығарылуға тиіс мүлікті есептен шығару рәсімі басталған. Сондай-ақ жатақхананы жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Прокуратура білім беру ұйымдарында заңдылықтың сақталуын қадағалау және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын хабарлады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2