Мәзір

Қазақстанға қарсы жұмыс істеген 18 адам Украинада қамауға алынды – ІІМ

Қазақстанға қарсы жұмыс істеген 18 адам Украинада қамауға алынды – ІІМ Қазақстанға қарсы жұмыс істеген 18 адам Украинада қамауға алынды – ІІМ
ашық дереккөз

Қазақстанға жасалған кибершабуылдарға қатысы бар деген 18 адам қазір Украинада қамауда отыр. Бұл туралы Құрылтайдағы брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Вице-министрдің айтуынша, кибершабуылдардың басым бөлігін трансұлттық қылмыстық топтар жасайды. Осыған байланысты мұндай қылмыстарды тергеу кезінде шетелдік құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу маңызды.

«Кибершабуылға келетін болсақ, түрлі елден болады. Әріптестерімізбен жұмыс барысында 20-дан астам орталықтарды тауып, біз азаматтарға қарсы жұмыс атқардық. Қазіргі таңда 18 адам Украинада қамауда. Кибершабуылды көбінесе трансұлттық топтар жасайды. Әр елге кибершабуыл жасалуы мүмкін. Ең бастысы дайын тұру керек. Оны арнайы жасалатын шабуыл деп айтуға болмайды», – деді Санжар Әділов.

Оның сөзінше, Қазақстанның «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияға» қосылуы шетелдік құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасуға мүмкіндік берген. Сондай-ақ бұл провайдерлермен жұмыс істеп, цифрлық іздер жойылып кетпей тұрып қажетті ақпаратты алуға жағдай жасайды.

Санжар Әділов интернет-алаяқтыққа қатысты статистиканы да жариялады. Оның айтуынша, соңғы үш жылда интернет-алаяқтық фактілері 40 пайызға азайған. Жәбірленушілерге 6 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылып, 170 млн-нан астам жалған қоңырау бұғатталған. Сонымен қатар, шетелге 5,5 млрд теңгеден астам қаражаттың шығарылуына тосқауыл қойылған.

Биылғы сегіз айда интернет-алаяқтық фактілері тағы 13 пайызға төмендеген. 2025 жылы 16 564 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 14 417-ге дейін азайған.

Вице-министр қылмыстардың ашылу көрсеткіші де 7 пайызға артқанын айтты.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2