Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

АҚШ-та байланыс жүйесіндегі ақаудан 15 мыңға жуық әуе рейсі тоқтатылды

АҚШ-та байланыс жүйесіндегі ақаудан 15 мыңға жуық әуе рейсі тоқтатылды АҚШ-та байланыс жүйесіндегі ақаудан 15 мыңға жуық әуе рейсі тоқтатылды
Фото Depositphotos.com

АҚШ-та диспетчерлік байланыс жүйесіндегі ақауға байланысты елдегі барлық әуежайдан ұшақтардың ұшуына уақытша тыйым салынды. Соның салдарынан 15 мыңға жуық рейс кейінге шегеріліп немесе мүлде тоқтатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

АҚШ-та диспетчерлік байланыс жүйесіндегі ақауға байланысты елдегі барлық әуежайдан ұшақтардың ұшуына уақытша тыйым салынды. Соның салдарынан 15 мыңға жуық рейс кейінге шегеріліп немесе мүлде тоқтатылды

Оқиға 13 қарашада болған. АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) әуе қозғалысын басқару орталықтарындағы байланыс жүйесінде ақау тіркелгеннен кейін ел көлемінде ұшақтардың ұшуын тоқтату туралы шешім қабылдаған.

АҚШ Көлік министрі Шон Даффидің айтуынша, техникалық ақау әуе қозғалысын басқару орталықтарының жұмысына әсер еткен. Мамандар оқиғаның нақты себебін анықтауға кіріскен.

Ұшуға қойылған шектеу төрт жарым сағаттан кейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:19-да алынған. Алайда оның салдары әуежайлар мен әуе компанияларының жұмысына әлі де әсер еткен.

FlightRadar24 мәліметінше, осы уақыт аралығында 4 700 рейс тоқтатылып, тағы 10 мың рейс кешіктірілген. Бұл жағдай 1,5 миллионнан астам жолаушының сапарына әсер еткен.

Ақау халықаралық әуе қатынасына да ықпал етті. FAA сұрауынан кейін 42 мемлекетті біріктіретін Еуропалық аэронавигациялық қауіпсіздік ұйымы АҚШ-қа бағытталған рейстерді жіберуді уақытша тоқтатқан.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Маркуэйн Маллин оқиғаның кибершабуылдан болғанына әзірге ешқандай белгі жоқ екенін мәлімдеді. Федералдық тергеу бюросы да бұл жағдайды кибершабуылмен немесе өзге қылмыстық әрекетпен байланыстырмай отыр.

Айта кетейік, АҚШ-та мұндай ауқымдағы жалпыұлттық шектеу соңғы рет 2023 жылғы 11 қаңтарда енгізілген. Ол кезде ұшқыштарға ескерту жіберетін жүйеде ақау болып, рейстер шамамен бір жарым сағатқа тоқтатылған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2