Мәзір

Алдағы үш күнде Қазақстанда қалың қар жауып, күн күрт суытады

Алдағы үш күнде Қазақстанда қалың қар жауып, күн күрт суытады Алдағы үш күнде Қазақстанда қалың қар жауып, күн күрт суытады
Фото: ngs24.ru

Қазақстанда 3-5 қараша аралығында кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Бұл туралы «Қазгидромет» мәліметіне сүйенген buginmedia.kz хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері антициклонның әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Алайда 3 қарашада Қазақстанның шығыс өңірлерінде қар жауып, кей жерлерде қар күшейеді. Көктайғақ та болуы ықтимал.

Ал 4–5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты елдің батысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр күтіледі.

Ауа температурасы қалай өзгереді?

Батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы +13...+21 градустан +6...+19 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста +13...+18 градустан +10...+15 градусқа дейін салқындайды.

Қазақстанның қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін. Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде сақ болуға шақырады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2