Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Теміртауда екі ай бұрын жоғалған әйелдің мәйіті табылды

Теміртауда екі ай бұрын жоғалған әйелдің мәйіті табылды Теміртауда екі ай бұрын жоғалған әйелдің мәйіті табылды
әлеуметтік желіден

Қарағанды облысының Теміртау қаласында екі айға жуық уақыт бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оның денесі қаладан 22 шақырым жерден табылған. Адам өлтірді деген күдікпен марқұмның 40 жастағы азаматтық некедегі күйеуі ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында екі айға жуық уақыт бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оның денесі қаладан 22 шақырым жерден табылған. Адам өлтірді деген күдікпен марқұмның 40 жастағы азаматтық некедегі күйеуі ұсталды

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің денесі 13 қарашада жүргізілген іздеу жұмыстары кезінде табылған. Мәйітті тексеру барысында марқұмның қатты соққыға жығылғаны анықталған.

«Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, қолға түсірді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, 38 жастағы Теміртау тұрғыны 19 қыркүйектен 20 қыркүйекке қараған түні жоғалып кеткен. Марқұмның әпкесінің айтуынша, сол күні әйел азаматтық некедегі күйеуімен жанжалдасқан.

Оқиға болған күні үйде әйелдің ұлы мен марқұмның қамқорлығындағы 19 жастағы жас жігіт болған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2