Мәзір

Қазақстанда көлік бағасы тағы арзандауы мүмкін – министр

Қазақстанда көлік бағасы тағы арзандауы мүмкін – министр Қазақстанда көлік бағасы тағы арзандауы мүмкін – министр
ашық дереккөз

Қазақстанда шығарылған автокөліктердің бағасы жыл соңына дейін тағы төмендеуі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қараша-желтоқсан айларында автосалондарда жеңілдіктер көбейетінін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Министрдің сөзінше, соңғы айларда отандық көліктердің бағасы шамамен 11 пайызға арзандаған. Қазір кейбір модельдер бұрынғы бағасынан 10 пайызға төмен сатылып жатыр. Бұған автосалондардағы түрлі акциялар да әсер еткен.

«Мен бағаның төмендеп жатқанын байқап отырмын. Соңғы айларда Қазақстанда шығарылған көліктердің бағасы шамамен 11 пайызға арзандады. Оның үстіне, қазір жеңілдіктер де бар», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министрдің болжамынша, жыл соңына қарай автокөлік бағасы тағы төмендеуі ықтимал. Себебі қараша мен желтоқсанда сатып алушылар жаңа модельдерге қызығушылық танытып, 2027 жылы шығарылатын көліктерді күте бастайды. Осыған байланысты автосалондар биылғы модельдерді жеңілдікпен сатуға тырысады.

Қазақстанда қанша көлік шығарылады?

Ерсайын Нағаспаевтың мәліметінше, былтыр елімізде 171 мың автомобиль шығару жоспарланған. Ал биылғы меже – 191 мың көлік.

Министр Қазақстанда жұмыс істеп тұрған кейбір автозауыттардың өндірістік қуаты толық пайдаланылмай отырғанын атап өтті.

Мәселен, Алматы облысындағы Kia зауыты жылына 70 мың автомобиль шығаруға қауқарлы. Ал Алматыдағы қытайлық брендтерді құрастыратын мультибрендті зауыттың жобалық қуаты жылына 120 мың көлікті құрайды. Алайда әзірге екі кәсіпорын да толық өндірістік қуатына шықпаған.

Брифинг барысында министрден көлік бағасының төмендеуі оның сапасына әсер етпей ме деген сұрақ та қойылды.

Ерсайын Нағаспаев сапаға жауапкершілік өндіруші компанияларға жүктелетінін айтты. Оның пікірінше, Allur және Astana Motors сияқты тәжірибелі компаниялар өнім сапасының төмендеуіне жол бермеуі керек.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2