Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Ер адам кемеден құлап, теңізде 9 сағат болған

Ер адам кемеден құлап, теңізде 9 сағат болған Ер адам кемеден құлап, теңізде 9 сағат болған
ашық дереккөз

Тынық мұхитының ортасында тоғыз сағат бойы су бетінде жүзіп, аман қалған ер адам табылды. Оны Калифорния жағалауынан шамамен 32 шақырым қашықтықта балық аулап жүрген екі адам құтқарды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға 6 қарашада болған. Ер адам Royal Caribbean компаниясына тиесілі Ovation of the Seas круиздік кемесінде пианист болып жұмыс істеген. Белгісіз себеппен ол кемеден суға құлап кеткен.

Оны теңізге шыққан Шон Нортон мен Грант Гарретт есімді екі балықшы байқап қалған. Алғашында олар судан ненің көрініп тұрғанын түсінбеген. Алайда, жақындап келгенде адамның жүзіп жүргенін байқап, қайықты тоқтатып, оған көмектесуге кіріскен.

Балықшылардың айтуынша, құтқарылған ер адам қатты шок алған. Ол аман қалатынына сенбегенін айтқан.

Оны қайыққа көтерген соң ауруханаға жеткізген. АҚШ жағалау күзетінің мәліметінше, ер адам есін білген, жағдайы тұрақты болған.

Ер адамға аман қалуға не көмектесті?

Балықшылардың пікірінше, оның тоғыз сағат бойы мұхитта тірі қалуына судың салыстырмалы түрде жылы болуы әсер еткен. Сол күні мұхит суының температурасы шамамен 24,4 градус болған.

Олардың бірі су бұдан салқын болғанда, ер адамның тірі қалу мүмкіндігі әлдеқайда төмен болар еді деп болжаған. Өйткені суық суда ұзақ уақыт болу адамды қатты тоңдырып, әлсіретіп, есінен тануына әкелуі мүмкін.

Оның кемеден қалай құлағаны белгісіз

АҚШ жағалау күзеті оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу бастаған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам кемеден түнгі сағат 02:30 шамасында құлап кеткен болуы мүмкін. Алайда бұл кездейсоқ жағдай ма, әлде басқа себеп болды ма – әзірге белгісіз.

Royal Caribbean Group өкілі компания қызметкеріне қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Компания қызметкерлердің жеке өміріне қатысты ақпаратты жариялай алмайтынын жеткізген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2