Мәзір

Щучинскіде өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты: марқұмдардың ұлы күлікке ілінді

Щучинскіде өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты: марқұмдардың ұлы күлікке ілінді Щучинскіде өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты: марқұмдардың ұлы күлікке ілінді
Фото: видеодан алынды

Щучинскте үйден өрт шығып, қарт ерлі-зайыпты қаза тапты. Тергеу мәліметінше, өрт қасақана қойылған болуы мүмкін. Көршілері үйді қаза тапқандардың ұлы өртегеніне сенімді, деп хабарлайды buginmedia.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Щучинсктің маңында Каменнокарьерская көшесінде орналасқан үйден өрт шыққан. Үйдің жанындағы адамдар іште қалған адамдардың жан түршігерлік айқайын естіген. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, кірпіштен салынған үй лезде өртке оранған. Кенет газ баллоны жарылып, жарылыс блған. Жалын бірден ауладағы шаруашылық құрылыстарына тараған.

Құтқарушылар өрттен үй иелерінің денелерін алып шықты.

“Сиреналарды естідім, полиция көліктері де, өрт сөндіру көлігі де келді. Кіреберіс жақтағы есікті ашсам, айнала жарық болып кеткен. Киініп, сыртқа шықтым, ал мұнда жағдайдың бәрі осындай екен. Адамдар жиналып қалыпты. Қарасам, бәрін от шарпып жатыр. Жалын ағаштардың биігінен де асып кеткен. Шифер тарсылдап жатты, кейін газ баллоны жарылды”, – дейді Щучинск қаласының тұрғыны Людмила Карлинская.

Көршілердің айтуынша, мұндай күшті жалын тек қасақана өрт қойғаннанн болуы мүмкін. Бұл ауыр қылмысты марқұм ерлі-зайыптының ұлы жасады деген болжам айтылды. Қайғылы оқиға болмас бұрын кешке ол ата-анасының үйінде болған. Кейін жанжал шыққан.

Щучинск қаласының тұрғыны Людмила Карлинская:

“Бәлкім, өрт қойған шығар. Бұған дейін ол маған күйеуі Сашаның бензин сатып алғанын айтқан. Бірер күннен кейін ағаштардың бұтақтары мен шыбықтарын кесіп тастағысы келген екен. Бензин сатып алған. Әлгі адам бензинді көріп, оны үйге төгіп, өртеп жіберген сияқты”, – дейді марқұмдардың көршісі.

Полиция да өрттің қасақана қойылғанын жоққа шығармайды. Күдікті ұсталды. Оның аты-жөні жарияланған жоқ. Сол кеште нақты не болғанын тергеу анықтайды.

“Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті тұрғын тұрғын үйге қасақана өрт қойған. Оқиға салдарынан осы үйде тұрған ерлі-зайыпты қаза тапты”, – деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсем Абдрахманова.

Көршілердің айтуынша, марқұмдардың ұлы бұған дейін де сотты болған адам. Ер адам ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген деп отыр олар.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2