Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Жаппай жол апаты салдарынан 86 көлік соқтығысып, 11 адам қаза тапты

Жаппай жол апаты салдарынан 86 көлік соқтығысып, 11 адам қаза тапты Жаппай жол апаты салдарынан 86 көлік соқтығысып, 11 адам қаза тапты
ашық дереккөз

2026 жылғы 10 қарашада Болгарияның оңтүстік-шығысындағы Тракия тасжолында жаппай жол апаты болып, 86 көлік соқтығысқан. Салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, 51 адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Болгарияның BTA ұлттық ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Апат Ямбол облысындағы Зимница жол айрығына жақын жерде болған. Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы жолақтарда екі ірі тізбекті соқтығыс тіркелген.

Болгария Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бургас қаласына қарай бағытталған жолда 63 көлік, ал Софияға қарай қозғалыс жолағында 23 көлік апатқа ұшыраған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа қою тұман себеп болуы мүмкін. Оқиға кезінде көріну қашықтығы 70–80 метрге дейін төмендеген. Жолдың дымқыл болуы мен жүргізушілердің ауа райына сай жылдамдықты таңдамауы да апатқа әсер еткен факторлар ретінде қарастырылып жатыр.

Алғашқы соқтығыс жүк көлігі жолаушылар автобусына жол бермей, оның қозғалысына кедергі келтіргеннен кейін басталған. Кейін бірнеше көлік бірінен соң бірі соғылған. Қарсы бағыттағы жолақта да жаппай соқтығыс болған.

Оқиға орнына құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылған. Кейбір зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін әскери ұшақтар да пайдаланылған. Апаттан кейін Тракия тасжолы екі бағытта да жабылған.

Болгария үкіметі 11 қарашаны жол апатынан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады. Қазір апаттың нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2