Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Жылыту маусымында өрт пен улы газдан көбіне зейнеткерлер қаза табады - ТЖМ

Жылыту маусымында өрт пен улы газдан көбіне зейнеткерлер қаза табады - ТЖМ Жылыту маусымында өрт пен улы газдан көбіне зейнеткерлер қаза табады - ТЖМ
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда жылыту маусымы кезінде өрт пен улы газдан улану салдарынан көз жұматындардың арасында зейнеткерлер мен уақытша жұмыссыз азаматтар көп. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Министрдің мәліметінше, былтыр жылыту маусымында болған өрттердің 55 пайыздан астамы жеке тұрғын үйлерде тіркелген.

ТЖМ өкілдері өрттің жиілеуіне электр құрылғылары мен пештерді орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, сондай-ақ отпен абайсыз жұмыс істеу себеп болатынын атап өтті.

Мұрат Мұхановтың айтуынша, қазір тұрғын үйлердегі өрт қаупін азайту үшін алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Мамандар барлық үйді жаппай тексерудің орнына, өрт шығу қаупі жоғары баспаналарға басымдық береді.

«Жаппай аралап қараудан ерекшелігі, өрт шығу ықтималдығы мен оның ауыр салдары айрықша назар аударуды талап ететін әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың отбасыларына арнайы бару жүзеге асырылады. Бүгінде осы санаттағы 93 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды», – деді министр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2