Мәзір
20 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Менің де жүрегіме батады»: прокурор Айжан Аймағанова Шерзат туралы айтты

Подполковник Айжан Аймағанова Шерзат Полаттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz

«Менің де жүрегіме батады»: прокурор Айжан Аймағанова Шерзат туралы айтты «Менің де жүрегіме батады»: прокурор Айжан Аймағанова Шерзат туралы айтты
Фото: видеодан алынды

Ол Талғардағы оқиғаға байланысты халықтан көптеген сұрақтар түсіп жатқанын айтты.

«Әрине, мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын, бұл іс менің де жүрегіме батады, бірақ бәрі заңға сәйкес болады. Біз бір қағиданы түсінуіміз керек: әрбіріміз өз орнымызда еңбектенуіміз керек, өз жұмысымызды адал атқару ол - міндет. Алматы облысындағы әріптестерім өз жұмысын адал атқарып жатқанына сенімдімін», - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетсек, Айжан Аймағанова әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған еді.

Еске салайық, Талғарда 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Апта талқысында: