Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Қазақстанда демалыста қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда демалыста қар жауып, көктайғақ болады Қазақстанда демалыста қар жауып, көктайғақ болады
ашық дереккөз

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағына солтүстік-батыстан бірнеше циклон келіп, алдымен батыс өңірлерге, кейін солтүстік-батыс пен солтүстік аймақтарға әсер етеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауады. Ал еліміздің солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика аумағында жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал.

Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға шақырады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2