Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың процессуалдық келісім жасау туралы өтінішін қолдады.
Ерболат Жанәбіловке қатысты прокурор екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрап, Қылмыстық кодекстің 55-бабын қолдана отырып, оны шартты жаза ретінде белгілеуді және мүлкін тәркілеуді ұсынды.
Ал Эльмира Төлегеноваға екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтеу, сондай-ақ жазаның орындалуын екі жылға кейінге қалдыру ұсынылды.
Айта кетейік, бұған дейін айыптаушы тарап блогерлерге төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.