Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жариялаған суретімен оқырмандарын ойландырып қойды. Өнер иесі бейтаныс ер адаммен түскен фотосына «Махаббат, JM» деп жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Әнші Instagram парақшасында ер адаммен бірге түскен суретін бөліскен. Алайда фотода жігіттің жүзі анық көрінбейді. Ақбота-Нұр да оның кім екенін ашып айтпаған.
Желі қолданушылары сурет астындағы «JM» деген екі әріпті Мирас Жүгінісовтің аты-жөнімен байланыстырып, әншінің жаңа қарым-қатынасы туралы болжам жасай бастады.
«Жүгінісов Мирас деп тұр ма?», «Әнші Мирас емес пе екен?», «Тезірек тауып қойыңдаршы», «Мен білемін, бірақ айтпаймын», «Кім болса да жақсы жігіт болсын», «Бақытты болыңдар» деп пікір қалдырған оқырмандар.
Әзірге Ақбота-Нұр Сейтмағамбет суреттегі азаматтың кім екенін түсіндірген жоқ. Мирас Жүгінісовпен қарым-қатынасы туралы да ресми мәлімдеме жасамаған.