Құжат "Ашық НҚА" порталында орналастырылған және 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылауға қолжетімді болады,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы кәсіптік мерекелер тізбесін мынадай күндермен толықтыруды көздейді:
Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні – 28 қаңтар;
Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілденің бірінші жексенбісі;
Теміржол көлігі күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласындағы қызметкерлер күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;
Автокөлік қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі;
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні – 10 қараша;
Қылмыстық-атқару жүйесі күні – 13 желтоқсан.
Бұдан басқа, аталған мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты аталған тізбеден Ұлттық баспасөз күні мен радио күнін алып тастау жоспарлануда.
Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарды тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық етті, – деп нақтылады министрлікте.
Бұйрықтың жобасымен "Ашық НҚА" порталында сілтеме бойынша танысуға болады.