"Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Приходченко отбасын өлтіру фактісі бойынша көптеген жарияланымдар мен түсініктемелерге сүйене отырып, кінәлілер азамат «E»-ні өмір бойына бас бостандығынан айыруға, азамат «О»-ны 21 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, азамат «С»-ны 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталғанын хабарлайды.«О» және «С» азаматтарына қатысты жазаның жеңіл болуына орай облыстық прокуратура бұл үкіммен келіспеді.Осыған байланысты 2024 жылдың 12 қарашасында облыстық сотқа апелляциялық шағым енгізілді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылдың 27 желтоқсанында Е. және О. марқұм П.-ның үйіне келіп, алдымен 17 жастағы ұлын өлтірген. Олар жерлеу бизнесіндегі бәсекелестікте озу үшін саналы түрде бұл қылмысқа барған. Тендерде жеңген құжаттарып жойып, олар үй иелерін күткен. Үйден 2 млн теңгені ұрлаған. Кешкі сағат алтылар шамасында үйге кіріп келген П.-ны, артынан оның әйелін ауыр металл затпен ұрып өлтірген.
Ас үй пышағымен олар ерлі-зайыпты мен олардың ұлын мойын аймағынан бауыздаған.
Психологтардың пікірінше, үш күдікті – Е., О. және С. да ақыл-есі дұрыс. Яғни, бұл қылмысты жоспарлап жасаған.