Мәзір

ДДСҰ жаңа коронавирус түрінің таралуына қатысты мәлімдеме жасады

ДДСҰ жаңа коронавирус түрінің таралуына қатысты мәлімдеме жасады ДДСҰ жаңа коронавирус түрінің таралуына қатысты мәлімдеме жасады
Representation

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының PJ.2.1 деп аталатын жаңа нұсқасына назар аударды. Вирустың бұл түрі алғаш рет биыл мамырда Канадада анықталған. Кейін АҚШ, Испания және өзге де мемлекеттерде тіркелген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазіргі кезде PJ.2.1 жұқтырғандар санының өсуі Солтүстік Америкада, әсіресе АҚШ пен Канадада байқалады. Еуропада әзірге жекелеген жағдайлар ғана тіркелген. Мамандар вирустың кең көлемде таралғанын растайтын дерек жоқ екенін айтады.

PJ.2.1 – коронавирустың «омикрон» тобына кіретін және JN.1 желісінен пайда болған жаңа нұсқа.

Қазан айының басында Германия зерттеушілері осы вариантқа қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады. Ғалымдардың айтуынша, жаңа нұсқа да бұрынғы штамдар секілді 60 жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі.

Зертханалық зерттеулер PJ.2.1 вирусының адам жасушаларының рецепторларына жақсырақ байланысатынын көрсеткен. Бұл оның жұғу мүмкіндігін арттыруы ықтимал. Алайда жаңа нұсқаның антиденелерден қорғану қабілеті бұрынғы варианттардан айтарлықтай ерекшеленбейді.

ДДҰ әзірге PJ.2.1 жұқтырған адамдардың ауруы ауыр өтетінін дәлелдейтін клиникалық мәліметтер жоқ екенін хабарлады.

Ұйым вирустың таралуын әрі қарай бақылап, зерттеуді жалғастырады. Сонымен қатар желтоқсан айында COVID-19 вакциналарының құрамына қатысты ұсыныстар әзірлеу кезінде жаңа нұсқа туралы ғылыми деректерді де ескеруді көздеп отыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2