Актриса Жанель Серғазина әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Әнші әрі композитор Еркеш Хасеннің жары өміріндегі өзгерістер туралы қысқа жазба қалдырған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Бәрін басынан бастадым… Өмір осынысымен қызық екен», – деп жазды актриса.
Жанель Серғазинаның бұл сөзді қандай жағдайға байланысты жазғаны әзірге белгісіз. Ол жарияланымында нақты нені меңзегенін түсіндірмеген.
Айта кетейік, Жанель Серғазина мен Еркеш Хасен 2024 жылдың шілдесінде шаңырақ көтерген. Әншінің алғашқы некесінен Медина есімді қызы бар. Ал актриса мен Еркештің ортақ қызының есімі – Іңкәр. Бұған дейін ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Жанель Серғазина бұған дейінгі сұхбатында Еркеш Хасенмен танысқан кезде оның ажырасқанын білгенін айтып, өзіне қатысты тараған пікірлерге жауап берген.