Мәзір

СҚО-да белгісіз сұйықтық ішкен екі адам көз жұмды

СҚО-да белгісіз сұйықтық ішкен екі адам көз жұмды СҚО-да белгісіз сұйықтық ішкен екі адам көз жұмды
pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында қоқыс контейнерінен табылған бөтелкедегі белгісіз сұйықтықты ішкен үш адам ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 48 және 52 жастағы науқастардың бірі ауруханаға түскен күні, екіншісі келесі күні көз жұмған.

Қазір 75 жастағы ер адам дәрігерлердің бақылауында. Оның жағдайы өте ауыр.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қоқыс контейнерінен табылған бөтелке тәркіленіп, ішіндегі сұйықтық сараптамаға жіберілді.

Полицияның алдын ала мәліметінше, үш адам қоқыс контейнерлерінен тауып алған бөтелкедегі сұйықтықты ішкен. Оның нақты құрамы әзірге белгісіз.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2