Продюсер ел алдында әйеліне алғыс айтты.
"Күні кеше ғана сияқты еді. Ширек ғасыр өте шығыпты. Осы деңгейде жүргенім отбасымның арқасы. Әрқашан тек қолдау көрсетіп, түсіністік танытты. Сүйікті жұмысыммен айналысуыма кедергі келтірмей, керісінше ақылшы болып, демеу берді. Қос қарлығашымның тәрбиесі осы жанның мойнында. Бар болғаныңа рақмет! Күміс тойымыз құтты болсын", – деп жазды Есен Елеукен.