Мәзір
Бүгін, 12:55 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жетісуда «Жанұя» отбасы орталығының заңгері әйеліне зорлық көрсеткені үшін сотталды

Жетісу облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге құқықтық көмек көрсететін «Жанұя» қолдау орталығының заңгеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады buginmedia.kz.

Жетісуда «Жанұя» отбасы орталығының заңгері әйеліне зорлық көрсеткені үшін сотталды Жетісуда «Жанұя» отбасы орталығының заңгері әйеліне зорлық көрсеткені үшін сотталды
Ашық дереккөз

Прокуратура мәліметінше, заңгер кәсіби қызметінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғағанымен, өз отбасында әйеліне қатысты заңсыз әрекет жасаған.

Іс Қаратал аудандық сотында қаралған. Сот отырысында аудан прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы ер адамның кінәсін толық дәлелдеген.

Сот шешімімен ол өз әйеліне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2