«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, күйеуін өлтірді деп айыпталған әйел бұған дейін бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, ер адам оны ұрып, тұншықтырған. Тіпті қыс мезгілінде емізулі баласымен бірге үйден қуып жіберген.
Әйел жүктіліктерінің бірінде күйеуінің соққысынан жарақат алып, қан кеткен. Ол бірнеше рет үйден кеткенімен, кейін балаларын ойлап қайта оралған.
Оқиғадан бірнеше күн бұрын әйел күйеуінің басқа әйелмен қарым-қатынасы барын біліп, ажырасуға шешім қабылдаған. Алайда жанжал кезінде ер адам оған тағы да күш көрсеткен.
Соңында ер адам қаза тауып, әйел адам өлтірді деген айыппен сотқа тартылған.
Алқабилер оны кінәлі деп таппай, толық ақтады. Әйел қамаудан босатылды. Қазір ол бесінші баласын күтіп отыр.
Алайда, марқүмның қарындасы Ардақ Әмірқұлова сот әділ жаза бермеді деп есептейді.
"Осыдан үші ай бұрын ағам қайтыс болды. Оны әйелі жүрегіне пышақ тығып өлтірді. Сонда да сот оны ақтап шығарды. Ол ҚК 99-бабы 1-бөлігімен айыпталып, адам өлтірсе де, ақтап шығарды. Оның аяғы ауыр болса да, жауапкершіліктен босата салуға болмайды.Бәрі сатылған деп ойлаймыз. Қандай сот бұл өзі. Тиісті жазасын алуы тиіс. Баратын жерге барамыз, айтатын жерге айтамыз", - дейді ер адамның қарындасы.