Мәзір
Бүгін, 14:28 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Түркістанда тұрады, есімі Сабина»": танымал әзілкеш тоқалымен көзге түсті

Бауыржан Ибрагимовтің жүкті әйелмен жүрген видеосы жұрттың қызу талқысына түсті,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Түркістанда тұрады, есімі Сабина"": танымал әзілкеш тоқалымен көзге түсті "Түркістанда тұрады, есімі Сабина"": танымал әзілкеш тоқалымен көзге түсті
ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде әзілкеш әрі театр жетекшісі Бауыржан Ибрагимовтің қатысуымен түсірілген видео кеңінен таралып, оқырмандар арасында түрлі пікір туғызды.

Бейнежазбаны TikTok қолданушыларының бірі жариялап, видеодағы жүкті әйелді әзілкештің жары емес екенін алға тартып, «Бауыржан тоқалымен» деген жазба қалдырған.

Осыдан кейін желіде түрлі пікірлер көбейді. Кейбір қолданушылар жарияланған ақпаратқа сенетінін жазса, енді бір бөлігі мұндай тұжырым жасауға негіз жоқ екенін айтып, адамның жеке өміріне қатысты дәлелсіз әңгімелерді таратпауға шақырды.

Бұл алғашқы жағдай емес. Бұған дейін де әлеуметтік желіде Бауыржан Ибрагимовтің тойлардың бірінде жас келіншекті «әйелім» деп таныстырғаны түсірілген видео тараған еді. Кейіннен аталған бейнежазба әлеуметтік желілерден алынып тасталды.

Қазіргі уақытта Бауыржан Ибрагимов әлеуметтік желіде тарап жатқан видеоға және оған қатысты айтылған болжамдарға ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан видеодағы әйелдің кім екені және желіде тараған ақпараттың шындыққа сәйкестігі әзірге расталмаған.

"Тұрсынбек бітті, енді Бауыржан шықты", "Бәсе, неге қартаймайды десем", "Бір тойда мынау келіндеріңіз деп жас біреуді көрсеткен еді ғой", "Баяғыда алған", "Түркістанда тұрады, есімі Сабина", "Тоқал алмаған менің байым қалды", деп жазды желідегілер. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2