Бұл туралы Kozachkov.offside Telegram-арнасы хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, блогерге тыйым салынған интернет-казиноға ойыншыларды тартуға қатысы бар деген күдік келтіріліп отыр.
Сондай-ақ «Pin Up» онлайн-казиносы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде танымал тұлғалардың қатысуымен кеңінен жарнамаланғаны айтылады. Олардың қатарында бұған дейін ұсталған блогер Қайсар Қамза да болған. Ал Махмуд Хикматовтың осы адамдармен байланысы болған деген болжам бар.
Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Басылымның жазуынша, қазіргі уақытта Махмуд Хикматов та Қазақстан аумағында емес.
Кең танымал болмаған Махмуд Хикматов табыс табу үшін pop-MMA жекпе-жектеріне де қатысқан. Ол осы уақытқа дейін 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Танымал бола бастаған кезде Хикматов денесіне жарнамалық татуировка салдыруға дайын екенін мәлімдеп, бұл үшін 30 миллион теңге сұраған. Оның айтуынша, ақшаға салынған татуировканы өмір бойы өшірмейтін болған.
Бұл ұсынысқа қызығушылық танытып, келісім бергендер де табылған. Енді дәл осы ерекше татуировка құқық қорғау органдарының іздестіру жұмыстары кезінде оның айрықша белгісінің бірі болуы мүмкін.