Алматы облысының Іле ауданына қарасты Жайнақ ауылында полицейлер тоқтау талабына бағынбаған автокөлікті қуып, ақыры оның дөңгелектеріне оқ атты. Кейін көлік тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Halyqstan мәліметінше, жасөспірім полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Осылайша, ол жолдағы басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген.
Алматы облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті мәжбүрлі түрде тоқтату үшін тәртіп сақшылары қызметтік атыс қаруын қолданған.
«Автокөлікті мәжбүрлі түрде тоқтату үшін полицейлер қызметтік атыс қаруын қолданып, көліктің дөңгелектеріне оқ атты. Осыдан кейін көлік тоқтатылып, ұсталды», – деп хабарлады полиция.
Оқиға салдарынан жасөспірімнің әкесі бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.