Мәзір

«Wildberries ханшайымын» жарнамалаған Жания Джуринская мен Әсел Асқар тексерілуі мүмкін

«Wildberries ханшайымын» жарнамалаған Жания Джуринская мен Әсел Асқар тексерілуі мүмкін «Wildberries ханшайымын» жарнамалаған Жания Джуринская мен Әсел Асқар тексерілуі мүмкін
Ult.kz

Қазақстанда 35 адамды маркетплейс арқылы мол пайда табуға уәде беріп алдағаны үшін сотталған Алтынай Дидарқызының жобасын жарнамалаған блогерлердің әрекетіне де құқықтық баға берілуі мүмкін, деп хабарлайды buginmedia.kz Kozachkov offside Telegram арнасына сілтеме жасап.

Алтынай Дидарқызы 2023 жылы өзін «Wildberries ханшайымы» деп таныстырып, маркетплейстерде сауда жасауды үйрететін курстарын жарнамалаған. Ол әлеуметтік желідегі танымал инфлюенсерлердің көмегімен жобасын насихаттап, қымбат көліктерін, элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерін және ата-анасына үй салып жатқанын көрсеткен.

Осылайша, оның ұсынысына қызығушылық танытқандар көбейген. Дидарқызы серіктестеріне тауар сатып алуға 10 миллион теңге салып, кейін оны сатудан 5 миллион теңге пайда табуға болатынын уәде еткен.

Жәбірленушілердің бірі жобаға 500 мың теңге салса, енді бірі 50 миллион теңгеге дейін ақша аударған. Бір адам оған 100 миллион теңге сеніп тапсырған.

Кейін кәсіпкер салымшылардан түрлі себеппен қосымша қаражат сұрай бастаған. Бірде АҚШ-тағы тасымалдау компаниясының қызметіне, енді бірде салық айыппұлы мен бұғатталған есепшотты ашуға ақша талап еткен. Нақты саудадан пайда көрмеген адамдар полицияға шағымданған.

Алтынай Дидарқызы тергеу кезінде де, сотта да кінәсін мойындамаған. Сот оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Алайда кішкентай баласы болғандықтан, жазаны өтеу бір жылға кейінге қалдырылды.

Істі қараған судья Бақтияр Ноғаев жобаны жарнамалаған блогерлерге қатысты жеке қаулы шығарған. Онда Ішкі істер министрлігі инфлюенсерлердің әлеуметтік желілерде кәсіпкердің бизнесі туралы жалған ақпарат таратуға ықпал еткен-етпегенін тексеріп, олардың әрекетіне құқықтық баға беруі керектігі айтылған.

Қаулыда Instagram желісінде 2,9 миллион оқырманы бар Жания Джуринская мен 1,4 миллион оқырманы бар Әсел Асқардың есімдері аталған.

Алтынай Дидарқызына қатысты сот үкімі заңды күшіне енген. Ал блогерлердің әрекетіне байланысты қандай шешім қабылданатыны әзірге белгісіз.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2