Мәзір

Психоневрологиялық орталықтың пациенті дәретханадан су ішкен: қызметкер видео түсірді

Психоневрологиялық орталықтың пациенті дәретханадан су ішкен: қызметкер видео түсірді Психоневрологиялық орталықтың пациенті дәретханадан су ішкен: қызметкер видео түсірді
ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысындағы Дарьинск арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында пациенттердің ауызсуға еркін қол жеткізе алмайтыны айтылды. Мекеме қызметкері пациенттердің бірі унитаздан су ішіп жатқанын видеоға түсірген. Алайда орталық директоры бұл жағдайды қойылым деп атап, қызметкердің үстінен арыз жазған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жарияланған видеода бір адамның дәретханаға еңкейіп, одан су алып ішіп жатқаны көрінеді. Видео сыртынан сөйлеген ер адам мекемеде ауызсу мәселесі барын айтады. Оның сөзінше, пациенттер шөлдегені сонша, тіпті өз зәрін ішуге мәжбүр.

Директор не дейді?

Орталық әкімшілігі бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Мекеме басшылығының айтуынша, қызметкер жұмыстағы жанжалға байланысты пациентті унитаздан су ішуге өзі үгіттеген.

«Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат. Мекемеде ауызсуға қатысты мәселе жоқ. Бізде орталықтандырылған су жүйесі және қосымша сүзгілер бар. Қамқоршы ретінде уәкілетті органдарға арыз жаздым. Олар видео түсірген және менің қамқорлығымдағы адамның құқықтарын бұзған қызметкердің әрекетін тексереді», – деді орталық директоры Нұржан Атқешов.

Енді мекемеде тексеру жүргізіледі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2