Мәзір

«Қан-жоса болып жатты»: Қостанайда пәтерде жантүршігерлік оқиға болды

«Қан-жоса болып жатты»: Қостанайда пәтерде жантүршігерлік оқиға болды «Қан-жоса болып жатты»: Қостанайда пәтерде жантүршігерлік оқиға болды
Фото: polisia.kz

Қостанайда пәтерлердің бірінен денесінде кесілген және шаншылған жарақаттары бар питбуль табылды. Жануарды ветеринарлық клиникаға жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды buginmedia.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлері жараланған ит туралы жануарларды қорғаушы Анастасия Сериковаға хабарлаған. Оның айтуынша, ит қатты қансырап жатса да, пәтер иесі еріктілерді ішке кіргізіп, жануарды алып шығуға рұқсат бермеген. Осыдан кейін зооқорғаушы полиция шақырған.

Анастасияның сөзінше, түнгі сағат екілер шамасында пәтер иесі итті беруге келіскен. Жануардың жағдайы өте ауыр болғандықтан, оны бірден клиникаға жеткізген. Алайда дәрігерлер итті аман алып қала алмады.

«Жануардың жағдайы өте ауыр еді. Менің болжамымша, оның денесінде шаншылған және кесілген жаралар болған. Бүкіл денесі қанға боялған. Біз оны бірден алып, клиникаға жеткіздік. Алайда ол сол жерде өлді. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, жарақат алғаннан кейін біраз уақыт өтіп кеткен сияқты», – деді Анастасия Серікова.

Иттің қандай жағдайда және кімнің әрекетінен жарақат алғанын тергеу анықтауы керек.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы болуы мүмкін адам анықталып, полицияға жеткізілген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Оқиғаға қатысы болуы мүмкін адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деді полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Екатерина Рабцун.

Жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2