Мәзір
17 қазан, 2025 / BuginMedia / Экономика

Шотындағы ақша айналымы 2 миллион теңгеден асқан қазақстандықтарды салық органдары тексереді

Ұлттық банк салық органдары жеке тұлғалардың банктік шоттары туралы деректерді қандай жағдайда тексере алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шотындағы ақша айналымы 2 миллион теңгеден асқан қазақстандықтарды салық органдары тексереді Шотындағы ақша айналымы 2 миллион теңгеден асқан қазақстандықтарды салық органдары тексереді
Фото: depositphotos.com

Ұлттық банктің басқарма төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов “Банктер және банктік қызмет туралы” заң жобасын талқылау барысында бұл өзгерістің тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті анықтау үшін қажет екенін мәлімдеді.

Ұлттық банк өкілінің айтуынша, БАҚ-та тараған “Қазақстанда банктік құпия жойылады” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. 

“Банктік құпия жойылмайды. Салық кодексіне өзгерістер енгізілген кезде жеке тұлғалардың деректері туралы тақырып қызу талқыланды. Ал мемлекеттік кірістер комитеті жеке кәсіпкер ретінде немесе ЖШС ретінде тіркелмеген жеке тұлғалардың жасырын кәсіпкерлік қызметін анықтауға бағытталған баламалы шешім ұсынды”, – деді Берік Шолпанқұлов.

Оның сөзінше, азаматтардың шоттарындағы қаражат қозғалысы туралы ақпарат салық органына тек мына жағдайларда ғана беріледі:

- жеке тұлғаның шотына әртүрлі жіберушілерден 100-ден астам ақша аударымы тіркелсе;

- шоттағы қаражат айналымы 2 миллион теңгеден асса.

“Жалпы алғанда, егер бұл жағдайлар тіркелмесе, жеке тұлғалар туралы ешқандай ақпарат берілмейді”, – деді Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2