Мәзір

Ақша үшін ереуіл ұйымдастырды ма: ҰҚК Жаңаөзендегі жағдайды растады

Ақша үшін ереуіл ұйымдастырды ма: ҰҚК Жаңаөзендегі жағдайды растады Ақша үшін ереуіл ұйымдастырды ма: ҰҚК Жаңаөзендегі жағдайды растады
ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзенде жаппай ұстау болғанын растады, деп хабарлайды buginmedia.kz. Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен аптада Жаңаөзенде күштік құрылымдардың арнайы операция жүргізгені белгілі болды. Жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевтың мәліметінше, ұстауға «Jana Oil Service» (бұрынғы «Кезби») мұнай сервистік компаниясы мен «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылары ілігуі мүмкін.

Тараған ақпаратта күдіктілер «Өзенмұнайгаздан» қосымша қаржы алу үшін жұмысшыларды ереуілге итермеледі деген болжам айтылған. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті істің егжей-тегжейін жарияламай, ұстау фактісін растады.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлады комитет.

Басқа мекемелер не деді?

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы «Өзенмұнайгаз» басқарма мүшелерінің ұсталмағанын мәлімдеген. Алайда кәсіпорынның басқа қызметкерлері мен «Jana Oil Service» басшылығына қатысты жағдайға түсініктеме бермеген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2