Мәзір

Ақмола облысында әкесі мен ұлы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікпен ұсталды

Ақмола облысында әкесі мен ұлы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікпен ұсталды Ақмола облысында әкесі мен ұлы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікпен ұсталды
Фото: видеодан алынды

Ақмола облысында әкесі мен баласы 77 жылқы ұрлады деген күдікке ілінді. Шығын 25 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақмола полицейлері еркін жайылымнан жылқы табынын ұрлады деген күдікпен Степногорск қаласының екі тұрғынын ұстады. Иесіне келтірілген залал 25 450 000 теңгені құрады. Тергеу барысында иесіне 40-тан астам мал қайтарылды.

Мамыр айында полицияға 77 жылқының жоғалғаны туралы арыз түсті. Мал Ерейментау ауданы ауылдарының бірінің аумағында еркін жайылымда болған.

Мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы жедел топтар құрылды. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ерейментау ауданы полиция бөлімінің әріптестерімен бірлесіп бірнеше ай бойы жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Полицейлер бұрын осындай қылмыстар үшін сотталған адамдарды тексеріп, ет базарларын және ұрланған малды өткізудің басқа мүмкін арналарын пысықтады.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар Степногорск қаласында тұратын әкесі мен баласы болып шықты.

Тергеу мәліметтері бойынша, осы жылдың көктемінде Ерейментау ауданынан Степногорск қаласына ұрланған малды көлік құралдарымен айдап әкеткен. Жылқылар қала сыртындағы қораларда ұсталып, кейін біртіндеп сатылған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2