Мәзір

Теміртауда ерлі-зайыптының мәйіті табылды: 20 жастағы ұлы ұсталды

Теміртауда ерлі-зайыптының мәйіті табылды: 20 жастағы ұлы ұсталды Теміртауда ерлі-зайыптының мәйіті табылды: 20 жастағы ұлы ұсталды
ашық дереккөз

Теміртауда пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Олардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, марқұмдардың ұлы күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Басылымның мәліметінше, 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылған.

Қарағанды облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жарияланған жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2