Мәзір
Бүгін, 18:42 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Астанаға көшіп кетті

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні Астанаға қоныс аударып, бөлек тұра бастаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Астанаға көшіп кетті Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Астанаға көшіп кетті
әлуеметтік желіден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні Астанаға қоныс аударып, бөлек тұра бастаған. Бұл туралы MadeniPortal.kz жазды.

Әншінің келіні Әдия әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа баспанаға көшкенін айтып, әсерімен бөлісті.

«Жаңа үйді орналастыру, жаңа ыдыстарды қолдану – ең күшті сезімдердің бірі», – деп жазды ол.

Әдияның жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыланды. Оқырмандардың бір бөлігі жас отбасының жеке тұру туралы шешімін қолдаса, енді бірі Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлының бөлек кеткеніне таңданысын білдірді.

«Оның үстіне жалғыз ұл», «Әр отбасы жеке тұруы керек», «Сұхбатында бөлек шықпаймыз деген еді, бәрібір кетіпті», «Сәкен неге жалғыз ұлын бөлек шығарды екен?» деп жазды желі қолданушылары.

Кейбір пікір білдірушілер ене мен келіннің қарым-қатынасына қатысты да болжам жасаған. Алайда жас отбасының не себепті Астанаға көшіп, бөлек тұруға шешім қабылдағаны туралы ресми түсініктеме жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2