Мәзір
Бүгін, 10:37 / BuginMedia / Әлемде

Актер Роб Райнердің ұлы ата-анасын өлтіргені үшін өлім жазасы кесіле ме?

Калифорния прокуратурасы режиссер әрі актер Роб Райнер мен оның әйелі Мишель Райнерді өлтірді деген күдікке ілінген 33 жастағы Ник Райнерге өлім жазасын талап етпейтін болды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Актер Роб Райнердің ұлы ата-анасын өлтіргені үшін өлім жазасы кесіле ме? Актер Роб Райнердің ұлы ата-анасын өлтіргені үшін өлім жазасы кесіле ме?
Фото FilmMagic

Лос-Анджелес округінің прокуроры Натан Хохманның айтуынша, күдіктіге ең ауыр жаза ретінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінсіз өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін.

Ник Райнер бұған дейін бірнеше жыл бойы есірткіге тәуелділікпен күрескенін және психикалық денсаулығына байланысты қиындықтары болғанын айтқан. Оның адвокаты Кимберли Грин прокуратураның өлім жазасын талап етпеу туралы шешімін құптады.

Райнер әзірге ата-анасын өлтірді деген айыпты мойындаған жоқ.

15 қыркүйектегі сот отырысында судья істің егжей-тегжейі мен дәлелдері қамтылған сот материалдарын жарияламау туралы шешім қабылдады. Бұл өтінішті марқұмдардың өзге балалары – Джейк пен Роми Райнер берген.

Еске салайық, Роб Райнер мен оның әйелі Мишель 2025 жылғы желтоқсанда Калифорниядағы Брентвудтағы үйінен өлі күйінде табылған. Полиция бірнеше сағаттан кейін олардың ұлы Ник Райнерді ұстаған.

Бастапқыда оған кінәсі дәлелденген жағдайда өлім жазасына дейінгі жаза тағайындалуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2