«Өткен жұмада Еңбек ресурстарын дамыту орталығында БАҚ өкілдерімен бейресми кездесу кезінде де айтқан болатынмын. Мен зейнетке ерте және кеш шығуға болатынын және бұл әзірге ұсыныс екенін айттым. Бұл ұсыныс қазір зейнетақы алып отырған азаматтарға ешқандай кедергі келтірмейді. Бәрі сол бұрынғыдай жалғаса береді», - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, бұл ұсыныс Үкіметтің қарауына әлі енгізілмеген.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке кімдер ерте шыға алатынын айтқан болатын.