Мәзір
Бүгін, 19:33 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Диктофон қосып, әңгімесін жазып алған»: мұғалім жұмыста күтпеген жайтқа тап болды

Заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген кезекті хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Диктофон қосып, әңгімесін жазып алған": мұғалім жұмыста күтпеген жайтқа тап болды "Диктофон қосып, әңгімесін жазып алған": мұғалім жұмыста күтпеген жайтқа тап болды
Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде әйелдердің жұмыс орнында кездесетін жыныстық қысым мәселесі тағы да көтерілді. Оқырмандардың бірі өз басынан өткен оқиғаны айтып, басшысының қызметтік өкілетін пайдаланып, бірнеше рет тиіскенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бастығы екеуінің де отбасы болғанына қарамастан, орынсыз ұсыныстар жасап, «ешкім білмейді» деп қысым көрсеткен. Әйел жұмыстан кетуді де ойлағанымен, бұл мәселені шешпейтінін түсінген.

«Мен кетсем, ол басқа қыздарға тиісетінін білдім. Бізде жас қыздар көп еді. Оларға да әзілдеген болып тиісе беретін. Қыздар ұялады, қорқады, ешкім сенбейді деп ойлайды», – дейді ол.

Оқырманның сөзінше, бастығы қызметтік жағдайын пайдаланып, жұмыстан түрлі сылтау тауып шақырып, сөзбен де, әрекетімен де қысым көрсеткен.

Алайда әйел дәлел жинау үшін кабинетке кірерде диктофон қосып, әңгімесін жазып алған. Кейін бұл жазбаны жоғары басшылыққа ұсынып, ресми шағым түсірген. Нәтижесінде басшы қызметінен кеткен.

Ол мұндай жағдайлардың тек жұмыс орнында ғана емес, жоғары оқу орындарында да кездесетінін айтты. Оның сөзінше, кезінде 18 жастағы сіңлісіне жоғары оқу орнындағы профессор жақсы баға үшін интимдік қатынас ұсынған. Дәлел жеткіліксіз болғандықтан, отбасы қызды басқа қаладағы оқу орнының филиалына ауыстыруға мәжбүр болған.

Оқырман мұндай жағдайға тап болған әйелдерді үнсіз қалмай, өз құқықтарын қорғауға шақырды.

«Зорлық-зомбылық әр жерде кездеседі. Жұмыстан кету әрдайым мәселені шешпейді. Қорықпай, өз құқығыңды қорғай білу керек», – деді ол.

\

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2