Мәзір
Бүгін, 16:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

73 жастағы зейнеткерді үйінің терезесінен кіріп, қорқытып тонап кеткен

ШҚО-да зейнеткердің үйіне терезеден кіріп, ақша талап еткен күдікті ұсталды,  деп хабарлайды buginmedia.kz

73 жастағы зейнеткерді үйінің терезесінен кіріп, қорқытып тонап кеткен 73 жастағы зейнеткерді үйінің терезесінен кіріп, қорқытып тонап кеткен
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне заңсыз кіріп, ақша талап етті деген күдікпен ер адам ұсталды.

Облыстық полиция департаменті мәліметінше, оқиға кешкі уақытта Глубокое ауданында болған. Белгісіз ер адам 73 жастағы әйелдің үйіне ашық тұрған терезе арқылы кірген. Қорыққан зейнеткер оған қолындағы 32 мың теңгені берген. Осыдан кейін күдікті үйдегі заттарды алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленуші күдіктінің сыртқы келбетін полицейлерге сипаттап берген. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары оның жеке басын анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша тонау фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2