Мәзір

Меккедегі мешітте әдепсіз әрекет жасады деп айыпталған ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді

Меккедегі мешітте әдепсіз әрекет жасады деп айыпталған ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді Меккедегі мешітте әдепсіз әрекет жасады деп айыпталған ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді
ашық дереккөз

Сауд Арабиясында Мекке қаласындағы мешітте әдепсіз әрекет жасады деп айыпталған Бангладештің екі азаматы — ер адам мен әйел өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үкім 14 қазанда орындалған. Елдің Жоғарғы соты өлім жазасы туралы шешімді күшінде қалдырып, король оны орындауға рұқсат берген. Алайда билік сотталғандардың нақты қандай әрекет жасағанын жарияламады.

Бангладеш үкіметі өз азаматтарының өлім жазасына кесілгенін тек үкім орындалғаннан кейін ғана білген. Осыған байланысты елдің Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының билігіне ресми сауал жолдап, істің мән-жайы мен сот процесіне қатысты толық ақпарат сұратқан.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы билігі бұған дейін де өлім жазасын қолданған. Amnesty International ұйымының дерегіне сүйенген AP агенттігінің хабарлауынша, 2025 жылы елде 356 адам өлім жазасына кесілген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2