Мәзір

"Бір адамды өлтіріп алған": марқұм Мадинаның анасы ел естімеген сұмдықты айтты

"Бір адамды өлтіріп алған": марқұм Мадинаның анасы ел естімеген сұмдықты айтты "Бір адамды өлтіріп алған": марқұм Мадинаның анасы ел естімеген сұмдықты айтты
ашық дереккөз

Меркі ауданында барнидің себебінен қаза тапқан 19 жастағы Мадина Рашидқызының анасы қызының отбасындағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Марқұмның анасы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында қызы күйеуінен бірнеше рет таяқ жеп, төркініне қайтып келгенін айтты. Алайда күйеуі кешірім сұраған соң, Мадина қайтадан үйіне кетіп отырған.

«Қызым күйеуінің ұратынын айтатын, неше рет қайтып келді. Мадияр сол күні кешірім сұрап, звондайды, сол күні қайтадан кетеді үйіне. “Кетпе, кетпе” десем де, қайтып кететін. Полицияға бір рет шағымданған. Бірақ енесі қызыма қайын атаң түрмеде жатыр, неге сен үйге полиция әкелесің деген. Содан кейін шақырмайтын болған», – деді анасы.

Оның сөзінше, Мадинаның қайын атасы жол-көлік оқиғасын жасап, бір адамның өліміне себеп болғаны үшін түрмеде отырған. Соған қарамастан, ол келіні төркініне келгенде ұлының үйіне қайтуын талап етіп, телефон соғатын болған.

«Атамның сөзі – сөз дейтін. Өзім әкесіз өстім деп, қатты сыйлайтын», – деді марқұмның анасы.

Бұған дейін Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы Мадина Авезованың қайтыс болғаны белгілі болған. Оның артында сегіз айлық баласы қалды.Әйелді күйеуі бір тәтті үшін үрып-cоққан.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2